Социум

Бүгін еліміздің басым аумағында ауа райы ашық болады

Тек түнгі уақытта ауа температурасы төмендеп, үсік жүреді

Синоптиктер 6 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

«Қазақстанның басым бөлігіне солтүстік антициклон ықпал ететіндіктен, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Тек еліміздің батысы, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен жаңбыр, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) жауады. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейіп, шығыста, оңтүстік-шығыста тұман, батыста, оңтүстікте шаңды дауыл болуы мүмкін», — делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында 2 градус үсік сақталады. Түркістан облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік сақталады.

Астана қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады.  Жел оңтүстік бағыттардан соғады, күші 1-6 м/с. Ауа температурасы түнде +3+5°С, күндіз +17+19°С болады.

Алматы қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел   2-7 м/с. Ауа температурасы түнде +7+9°С, күндіз +19+21°С болады.

Шымкент қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады.  Шығыстан жел соғады, күші 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +6+8°С, күндіз +21+23°С болады.

 

Другие новости

Back to top button