Социум

Бүгін елімізде күн ашық болады – түнде тұман түсіп, үсік жүреді

Қазақстанның батыс аймақтарында ыстық ауа райы сақталады

Синоптиктер 18 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

«Ауқымды солтүстік-батыс антициклоны әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталып, температуралық фон біртіндеп төмендей береді. Фронталды бөліктерге байланысты республикамыздың солтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр жауып, найзағай болады. Республика бойынша кей жерлерінде жел күшейіп, еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында түнгі сағаттарда тұман түседі. Түнде республиканың солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді» , — делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Атырау облысының шығысында қатты ыстық болады.

Қызылорда облысының оңтүстігінде, Түркістан облысының шығысында, Атырау облысының батысында, Батыс Қазақстан Маңғыстау, Жетісу облыстарының оңтүстігінде, Алматы облысының шығысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, батысында, Абай облысының Бесқарағай ауданында  төтенше өрт қаупі сақталады.

Другие новости

Back to top button