Денсаулық

Бүгін – Дүниежүзілік денсаулық сақтау күні

Бұл күн 1950 жылдан бастап 7 сәуірде аталып келеді

7 сәуірде барлық адамзат 1950 жылдан бастап Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының құрылуына орай Дүниежүзілік денсаулық күнін атап өтеді. Дәл бүгін 1948 жылы ДДҰ Жарғысы күшіне енді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

 

Бүгін әлем бойынша денсаулық сақтаудың қаншалықты маңызды екенін, сондай-ақ, өз денсаулығына ғана емес, айналасындағыларға да қамқорлық жасау керектігін ойлауы үшін өткізіледі. Ал Денсаулық сақтау ұйымдары бүкіл әлемдегі адамдардың денсаулығын жақсарту үшін не істеу керек деген мәселені шешуге арналған.

Қоғамдық денсаулық — бұл өмір сапасы мен қауіпсіздігінің оңтайлы деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қоршаған орта мен халықтың өмір сүру салтының түрлі факторларының әсеріне негізделген елдің маңызды экономикалық және әлеуметтік әлеуеті.

Қызметтің сипаты бойынша қоғамдық денсаулық — бұл сауығатын әсерді, сондай-ақ әлеуметтік факторлар мен жағдайлардың халықтың және оның топтарының денсаулығына қолайсыз әсерін зерттеу және қоғамдық денсаулық деңгейін арттыру және сақтау мүддесінде адамдардың денсаулығына зиянды әлеуметтік жағдайлар мен факторлардың әсерін жою және алдын алу бойынша ғылыми негізделген ұсынымдар әзірлеу.

Қоғамдық денсаулық жағдайы — ұлттық қауіпсіздіктің маңызды факторларының бірі. Адам әлеуетінің физикалық және психикалық денсаулығы елдің жоғары экономикалық дамуы мен саяси тұрақтылығының көзі болады.

Қоғамдық денсаулық сақтауды қамтамасыз ету үшін бұқаралық спортты дамыту сынды мемлекет тарапынан маңызды бастамлалар жүзеге асырылуы тиіс. Себебі ұлт денсаулығы — еліміздегі стратегиялық маңызды бағыттардың бірі. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттың денсаулығы мықты болуы үшін бұқаралық спорт түрін дамыту қажеттілігін өз Жолдауында да талай айтты. Ұлттың саулығы енді бұғанасы қатып келе жатқан өскелең ұрпақтан басталатыны анық.

Жоғарғы санатты дәрігер онколог Қуантқан Жабағин күн тәртібіндегі ережелерді сақтап, салауатты өмір салтын ұстану да ауруға шалдықтырмайтын қағида екенін айтты.

«Салауатты өмір салтын ұстану – осы сөзді барлығымыз естісек те, ол қағидаларды ұстанып жатқанымыз өте аз. Дұрыс әрі уақытымен тамақтану, дене шынықтырумен айналысу, көп қимылдау, көп жүру, таза су ішіп жүру, көкөніс пен жемістерді мол пайдалану, ет тағамдарын мөлшерінен тыс пайдаланбау керек. Сау адамдар жылына бір рет дәрігерге көрініп, түрлі тексерулер мен қараулардан өтіп отыруы керек. Әйел адам болсын, ер адам болсын профилактикалық тексерулерден өтіп отыру, анықталған ауруларды уақытында емдету – денсаулықтың үнемі мықты болып жүруіне септігін тигізеді. Ауырып ем іздемей, ауырмайтын жол іздеуді әр адам өзіне мақсат тұтса нұр үстіне нұр болар еді», — дейді ол.

Диетолог Жанна Нұрберген адамның денсаулығына тамақ өнімдері қалай әсер ететінін айтты.

«Адамның осы тұрған күйінде 2 келіге жуық пайдалы бактерия бар. Оны медицина тілімен микробиота, микрофлора деп атаймыз. Ауыз қуысынан басталып үлкен дәрет пен кіші дәретке дейін біздің ағзамыз толған бактерия. Ол бактерия болмаса, біз өмір сүре алмаймыз. Сүт өнімдерінде көп кездесетін бифидобактерия, лактебактерия сынды пайдалы бактериялар ағзамызда бар. Олар ағзамызға пайдалы дәрумендерді сіңіруге, иммунитетті қорғауға, астың қортылуына жақсы көмектеседі. Олардың көп бөлігі ащы ішекте жатыр», — дейді Жанна Нұрберген.

Қазақстанның соңғы 30 жылда жеткен жетістігі:

  • қызамықпен сырқаттанушылықтың – 1993 жылғы 11 мыңнан 2010 жылдан бастап бірлі-жарым жағдайға дейін;
  • эпидемиялық паротитпен сырқаттанушылықтың – 660 еседен астам;
  • халық арасында «В» вирустық гепатитімен сырқаттанушылықтың – 67 есе, ал осы инфекцияға қарсы егілген балалар арасында – 141 есе (1998 жылдан бастап ВВГ-ға қарсы вакцинация енгізілді) төмендегені байқалды;
  • көкжөтелмен сырқаттанушылықтың төмен деңгейі сақталып тұр.

Другие новости

Back to top button