Социум

Бүгін ауа райы қандай болады – синоптиктер болжамы

Еліміздің батыс аймақтарында қатты ыстық сақталады

Синоптиктер 11 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақталады, соған байланысты жаңбыр жауады, еліміздің шығысында, орталығында және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарда қатты жаңбыр жауады, найзағай, екпінді жел күтіледі, күндізгі сағаттарда бұршақ болуы ықтимал. Республиканың солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі», — делінген хабарламада.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарының солтүстігінде, Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады.

Күндіз Атырау, Батыс Казақстан, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының батысында қатты ыстық сақталады.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Түркістан облысының оңтүстігінде, шығысында, Атырау облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады

Другие новости

Back to top button