Спорт

Бүгін Әлем чемпионатында қандай құрамалар өнер көрсетеді

Футболдан Катардағы әлем чемпионатының топтық кезеңі өтіп жатыр. Бүгін C және D тобының матчтары өтеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

С тобы:

16.00 Аргентина — Сауд Арабиясы

22.00 Мексика — Польша

D тобы:

19.00 Дания — Тунис

01.00 Франция — Аустралия

Аталған матчтарды Qazaqstan және Qazsport арналарынан тікелей эфирде көруге болады.

Айта кетейік, футболдан әлем чемпионаты 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында Катарда өтеді.

Катарда жазда аптап ыстық болатындықтан, бұл жолғы әлем біріншілігі қарашаның соңы мен желтоқсанның ортасына белгіленген.

Осылайша ол мамырда, маусымда немесе шілдеде өтпейтін алғашқы турнир. Байрақты бәсекенің финалдық кезеңіне 32 құрама қатысады.

Соңғы рет футболдан әлем чемпионаты 2018 жылы Ресейде өткен еді. Қазіргі әлем чемпионы – Франция ұлттық құрамасы.

Другие новости

Back to top button