Абайская область

«Бопсалап ақша сұрайды»: Семейдегі «Жас ұлан» лицейінде офицер оқушыны белбеумен ұрған

Семейде “Жас Ұлан” арнайы әскери лицейде бір-біріне әлімжеттік көрсеткен бейнежазбалар тарап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 

Әлеуметтік желілерде Ш. Уәлиханов атындағы “Жас Ұлан” арнайы ерлер мектеп-лицей интернатында офицердің оқушыны белбеумен ұрғаны және жігіттердің бір-біріне әлімжеттік көрсеткен бейнежазбасы таралды. Мұны біреу қоғам белсендісі Дина Таңсәрігежіберген.

Бейнежазба авторының айтуынша, бұл мектепте мұндай оқиға жиі орын алады. Әрі офицерлер бопсалап, ақша алатынын да айтты.

“Ақша талап еткен бірнеше офицер жұмыстан шығарылды, бірақ ақша бопсалаған ұландар қалды, олар әлі бар”, – деп жазды ол.

Автордың айтуынша, офицер 2-тоқсанның аяғында оқушыны белбеумен ұрған. Ал оқушы екінші жігітті бетінен шапалақпен ұрғаны өткен жылы мамыр айында болған.

Дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан” арнайы ерлер мектеп-лицей-интернаты» КММ оқиғаға түсініктеме берді.

“3 ақпанда әлеуметтік желілердің мониторингі барысында 111-взвод ұланы 91-взвод ұланына соққы берген бейнежазба табылды. Сондай-ақ офицер 71-взвод ұланын белбеуімен ұрған бейнежазба анықталды. Жоғарыда аталған фактілер 2022 жылдың қазан айында орын алған”, – деп мәлімдеді мектеп әкімшілігі.

Айтуынша, кінәлі адамдарға қатысты тәртіптік жаза қолданылып, 6 ақпанда 111-взводтың тәрбиеленушісі оқудан шығарылған. Ал офицер 8 ақпанда қызметінен босатылған.

“Ұландар арасындағы қарым-қатынас, жанжалды жағдайлар мен педагогтердің іс-әрекеттері Семей қаласының «Жас Ұлан» лицейі мен Абай облысы білім басқармасының басшылығының тұрақты бақылауында”, – деді мектептің баспасөз қызметі.

Другие новости

Back to top button