Ақша

БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерінен гөрі тұрғын үй үшін ақша көп алынған

Салымшылар шотындағы зейнетақы жинағы 17 224, 92 млрд теңгеге жеткен

Биыл елімізде тұрғындар тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін БЖЗҚ-дан 243,8 млрд теңге алған.  Сондай-ақ қордағы 136 млрд теңге зейнетақы ретінде төленген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының баспасөз қызметі хабарлағандай, салымшылардың шоттарындағы зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы – 17 224, 92 млрд теңге.

Оның ішінде:

  • міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) – 16 670 млрд теңге,
  • міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) – 549,58 млрд теңге,
  • ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) – 4,92 млрд теңге.

Жеке зейнетақы шоттарының саны – 12 269 мың бірлік. Оның ішінде есепке алу бойынша:

  • МЗЖ – 11 023 мың бірлік,
  • МКЗЖ – 630,07 мың бірлік,
  • ЕЗЖ – 387,7 мың бірлік.

Жыл басынан бергі зейнетақы төлемдері – 531,4 млрд теңге. Оның ішінде:

  • жасына байланысты – 136,5 млрд теңге,
  • мүгедектік бойынша – 2,5 млрд теңге,
  • ҚР аумағынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға кетуге байланысты – 37,2 млрд теңге,
  • мұрагерлік бойынша – 48,3 млрд теңге,
  • жерлеуге – 6,8 млрд теңге,
  • сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 41,4 млрд теңге,
  • тұрғын үй жағдайын жақсартуға/емделуге – 243,8 млрд теңге.

Другие новости

Back to top button