Госорганы

Биыл отбасында жанжал шығарған 300 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды – ІІМ

Жыл басынан тұрмыстық зорлық-зомбылық оқиғалары бойынша полицияға 35 мыңнан астам қоңырау түсті. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен брифингіде Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақмарал Серікбаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Жыл басынан тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша полицияға 35 мыңнан астам өтініш түсті. Полиция әрбір хабарламаға ден қою шараларын қабылдайды. Биыл әкімшілік жауапкершілікке 6 мың құқық бұзушы тартылды. 300 «агрессор» қылмыстық жауапкершілікке тартылды», — деді Ақмарал Серікбаева.

Оның айтуынша, көп жағдайда жәбірленушілер полиция қызметкерлері келгеннен кейін жұбайына қатысты арыз түсіруден бас тартады.

«Өтініш болмаса, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, полиция қызметкері забір көрсетушілерді жауапқа тарта алмайды.Сүйтіп «агрессорлардың» тек 17%-ы ғана жазаланды. Нәтижесінде жазасыздық жүгенсіздекке жол беріліп отыр. Сондықтан статистика бойынша бұрын болған тұрмыстық жанжалдардың 12%-ы қайталанады», — деп тоқталды Ақмарал Серікбаева.

Другие новости

Back to top button