Образование

Биыл директорларды ротациялау жалғаса ма – министр жауап берді

Ғани Бейсембаев ротация тиімді нәтиже көрсеткенін айтты

Елімізде директорларды ротациялау жүйесі жалғасын табуы мүмкін. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің кеңейтілген алқа отырысының кулуарында ведомство басшысы Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

«Директорлардың ротациясына келетін болсақ, бұл білім ұйымдарындағы басшылардың бір орында ұзақ уақыт отыруына қатысты қоғам тарапынан сұранымға байланысты қолға алынған болатын.

Жалпы мықты мектептерден басқа оқу ордаларына барып, үлес қосуда жүйе нәтиже беріп жатыр. Бұл бойынша ротацияның қаншалықты тиімді екенін өңірлерден сұрастырдым. Егер нәтиже осылай дәлелденетін болса, бұл үрдісті міндетті түрде жалғастырамыз»,- деді Бейсембаев.

Другие новости

Back to top button