Нур-Султан

Бишімбаевтың адвокаты жалған құжат жасады деген күдікке ілінді

16 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысы кезекті сот отырысы онлайн-трансляцияның үзілуімен басталды. Қазір тараптардың ресейлік сараптаманы алып тастау және жалған құжат жасауы мүмкін деген мәселе қаралып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Трансляция үзілген кезде сот залында не болып жатқанын марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы түсіндірді.

Айтбек Амангелдң әлеуметтік желіде қазір сотта прокурордың ресейлік сараптаманы алып тастау туралы шағымы қаралып жатқанын хабарлады.

«Сондай-ақ, кеше қорғаушы тарап қылмыстық-процессуалдық кодекс нормаларын бұзуға қатысты рецензияны алып тастау және қорғаушы Рамазанованың жалған құжат жасауына байланысты біздің тараптың өтініші қаралып жатыр. 27 наурызда өзі Астанада алқабилерді іріктеуде бола отырып, Алматыдағы маманға жауапкершілікті түсіндірген, ол маманның өзі батыста болған, Ақтөбеде сияқты. Оған қоса сұрақ туады – аманның жеке пікірі қалайша ұжымдық шешім бола алады?”, – деп жазды ол.

 

Другие новости

Back to top button