Ақша

Біршама қымбаттады: 9 қыркүйектегі шетел валютасының бағамы қандай

Өткен тәулікте доллардың ресми бағамы 473.1 теңге болған еді

Қазақстанның Ұлттық банкі 9 қыркүйекке арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі.

Бүгін, яғни жұма күні доллардың ресми бағамы біршама көтеріліп, 477.46 теңгеге тең болды.

Айта кетейік, америкалық валютаның 8 қыркүйекте ресми бағамы 473.1 теңге болған еді.

Ресей рублінің ресми бағамы 7.87 теңге болды.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 473 теңгеден сатып алынып, 479 теңгеден сатылып жатыр. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында орташа есеппен 473 теңгеден сатып алынып, 478 теңгеден сатылып жатыр.

Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша:

USD / KZT – 477.46 (АҚШ доллары)

EUR / KZT – 477.27 (еуро)

RUB / KZT – 7.87 (ресейлік рубль)

TRY / KZT – 26.18 (түрік лирасы)

CNY / KZT – 68.63 (қытай юані)

KGS / KZT – 5.87 (қырғыз сомы)

UZS / KZT – 4.35 (өзбек сомы).

 

Другие новости

Back to top button