Бір жылда ұшақпен қатынаған жолаушы саны отыз жылда алғаш рет 10 млн жетті
Өткен жылы әуеде жолаушы тасымалы 15%-ға ұлғайды және Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері алғаш рет 10 млн-нан асады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Азаматтық авиация комитеті таратқан мәліметке сенсек, әуе көлігіндегі жолаушы тасымалы барлық болжамдардан озып, өткен жылы пандемияға дейінгі 2019 жылдан да үлкен өсім көрсетті.
Мәселен, 2022 жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша қазақстандық әуе компаниялары тасымалдаған жолаушы саны 2021 жылмен салыстырғанда 15%-ға артып, 9,9 миллионға жетті (2021 жылы – 8,6 млн, 2020 жылы – 5 млн жолаушы).
Болжам бойынша, 2022 жылғы тасымалданған жолаушы саны шамамен 10,8 миллионға жетеді деп күтіліп отыр.
2021 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда өсім (9,4 млн жолаушы) — 15%.
Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері алғаш рет жолаушылар тасымалы 10 миллион жолаушыдан асады.
Өтен жылы қаңтар-қараша айларында отандық әуе компаниялары ішкі бағыттарда 7 млн (2021 жылы – 6,9 млн, 2020 жылы – 4,1 млн), халықаралық бағыттарда – 2,9 млн жолаушы (2021 жылы – 1,7 млн, 2020 жылы – 0,9 млн) тасымалдады.
Air Astana әуе компаниясының жолаушылар ағыны — шамамен 3,7 млн адам, FlyArystan – 3 миллионға жуық, SCAT – 2,7 млн және Qazaq air – 0,5 млн адам болды.