Спорт

Бибісара Асаубаева әлемнің ең мықты шахматшысын жеңіп кетті

Ресейлік гроссмейстер жалғыз жеңілісінен ұялмайтынын мәлімдеді

Мәскеуде өтіп жатқан «Шахмат жұлдыздары» атты халықаралық турнирде айтулы сенсация болды. Блиц шахматтан екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева рапидте бәсекенің басты фавориті Сергей Карякинді жеңді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ресейлік шахматшы – әлемдегі ең мықты гроссмейстердің бірі. Қазіргі уақытта оның 2 739 ұпайы бар.

Турнир комментаторларының айтуынша, Бибісараның блицте әлем чемпионы болғаны бекер емес. Оның салқынқанды ойынымен Сергейдің керемет қорғанысына қарамастан, жеңіске жетті.

Екі мықтының ойыны мазмұны жағынан да, тиімділігі жағынан да турдың сәнін келтірді. Бибісара бұған дейін сұхбаттарында осы турнирде Сергей Карякин және Теймур Раджабовпен ойнағысы келетінін бірнеше рет айтқан.

Өз кезегінде ресейлік гроссмейстер мұндағы жалғыз жеңілісінен ұялмайтынын мәлімдеді.

«Мен өте жақсы ойнайтын әлем чемпионынан ұтылдым», — деп айтты Карякин ойыннан кейін.

Айта кетейік, бұл жарыстың жүлде қоры – 15 миллион рубль. Қазір мұнда әлемдегі ең мықты шахматшылар шеберлік байқасып жатыр. Олардың қатарында Бибісара Асаубаева, Сергей Карякин, Александр Грищук, Теймур Раджабов, Раунаку Садвани, Франсиско Вальехо, Владислав Артемьев, Екатерина Лагно және басқалары бар.

Бір қызығы, қазақстандық гроссмейстер турнирге қатысатынын басталардан екі күн бұрын ғана білген. Бибисара әлем чемпионы Владимир Крамниктің орнын басқан.

Рапид бәсекесі 24-26 қаңтарда өтті. Енді блиц түрінде (28 және 30 қаңтар) Бибисара Асаубаева әлі де өз шеберлігін көрсетеді деп сенеміз

 

Фейсбук парақшамызға кіріп, пікір қалдырыңыз, сынаңыз, ұсыныңыз

Біздің телеграм каналымызға жазылыңыз және жаңалықтарды қадағалаңыз

.

Другие новости

Back to top button