Мангистауская область

Бейнеу аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары ұсталды

Бүгін сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне байланысты Бейнеу ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары Т. Есбағанбетов ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz Телеграм-арнасына сілтеме жасап.

 

«9 қаңтарда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Маңғыстау облысы бойынша ҰҚКД және Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін Бейнеу ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары Т. Есбағанбетовті ұстады», — деп жазды ақпарат көзі.

 

Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

 

Другие новости

Back to top button