Образование

Балабақша тәрбиешілерінің жүктемесі азайып, жалақысы өседі — министр

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қосымша шешімдер қарастырылды. Бұл туралы Үкімет отырысында еліміздегі білім беруді дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын талқылау кезінде Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Балабақшалардың сапасына тоқталсақ, 2-ден 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету үшін жаңа балабақшалар ашылады, мемлекеттік тапсырысты жекеменшік балабақшаларға орналастыру жұмыстары жалғасады. Мемлекет басшысынаң тапсырмасына сәйкес, тәрбиешілердің жүктемесі азайып, жалақысы өседі», — деді А. Аймағамбетов.

Осы орайда ол тәрбиешілердің біліктілігін арттыру және аттестаттау жұмыстары ұйымдастырылатынын айтты.

«Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тағы да қосымша кешенді іс-шаралар қарастырылды», — деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Балабақшаларда балаларды ерте дамытудың жаңа моделі енгізіліп жатыр. Осы орайда ондағы бағдарлама да, оқыту әдістері да түбегейлі өзгереді.

 

Другие новости

Back to top button