ГлавноеГосорганы

«Ауыл аманаты»: Қуантыров ауыл тұрғандарының табысы қалай артатынын айтты

Елімізде 1283 ауыл шекара маңында орналасқан

Шекара маңындағы өңірлерді қоса алғанда, бүкіл ауыл халқының табысын арттыруға бағытталған құралдардың бірі — «Ауыл аманаты» жобасы іске асырылады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында айтты,деп хабарлады Azattyq Ruhy.

 

«Елімізде 65 ауданда 1,7 млн халық тұратын барлығы 1283 шекара маңындағы ауыл бар.

«Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыру аясында 2023 жылға 140 шекара маңындағы ауылда 290 жобаны іске асыру жоспарлануда. Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған жаңа тұжырымдамасында шекара маңындағы аумақтарды дамытуға айрықша көңіл бөлінді. Мәселен, Тұжырымдама шеңберінде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды салу және жөндеу, отандық телеарналардың цифрлық эфирлік теле және радио хабар таратуын қамтамасыз ету, еңбек тапшылығы бар шекара маңы ауылдық округтеріндегі тұрғындардың жалақысына үстемеақы қосу және оларға басқа да жеңілдіктер беру мүмкіндігі көзделген», — деді ол.

Ол атағандай, бұдан басқа, өткізу пунктерінің инфрақұрылымын дамыту көзделген.

«Шекара маңындағы өңірлерді қоса алғанда, бүкіл ауыл халқының табысын арттыруға бағытталған құралдардың бірі — «Ауыл аманаты» жобасы іске асырылады. Ол үшін әрбір ауылдық округтің мамандығын айқындай отырып, скрининг жүргізу, сондай-ақ, жеке қосалқы шаруашылықтарға микрокредит беру, сервистік-өткізу кооперативтерін қалыптастыру, техникамен және жабдықпен лизингке қамтамасыз ету шаралары іске асырылады. Ұлттық экономика министрлігі Мемлекет басшысының әрбір тапсырмасын мазмұнды әрі жедел пысықтайтын болады», — деді ол.

Әлібек Қуантыров Мемлекет басшысының 2023 жылғы 29 наурыздағы тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар туралы баяндаған болатын.

Другие новости

Back to top button