Социум

Ауа райы: күндіз еліміз бойынша жел соғып, түнде салқын болады

Республиканың шығыс аумағында жаңбыр жаууы ықтимал

Синоптиктер 23 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Солтүстік-батыс антициклоны әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республикамыздың солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында жаңбыр жауып, найзағай болады», — делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Республика бойынша кей жерлерде жел соғып, түнгі және таңғы сағаттарда облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында тұман, түнде солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік сақталады.

Күндіз оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғуы мүмкін.

Қызылорда облысында, Түркістан облысының оңтүстігінде, шығысында, Атырау облысының шығысында,  төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Атырау облысында қатты ыстық болады.

 

Другие новости

Back to top button