Социум

Ауа райы: бүгін еліміздің кей өңірінде жаңбыр жауады

Республиканың батыс және оңтүстік аймақтарында күн ашық болады

Синоптиктер 19 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Ауқымды солтүстік батыс антициклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады. Фронталды бөліктерге байланысты республикамыздың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай болады, шығыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, сулы қар) жауады. Республика бойынша кей өңірде жел күшейіп, еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында түнгі сағаттарда тұман түседі, республиканың солтүстігінде, шығысында, орталығында топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді», — делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атырау облысының шығысында қатты ыстық болады.

Қызылорда облысында, Түркістан облысының оңтүстігінде, Атырау облысының шығысында, Батыс Қазақста, Маңғыстау, Жетісу облыстарының оңтүстігінде, Алматы облысының шығысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, Абай облысының Бесқарағай ауданында төтенше өрт қаупі сақталады.

 

 

 

Другие новости

Back to top button