Атырауская область

Атырауда 11 жыл бұрын құрылысы басталған концерт залы ақыры бұзылатын болды

Оның құрылысына бюджеттен 3 млрд теңге бөлінген

Атырауда құрылысы 2011 жылдан бастап, бүгінге дейін аяқталмай келе жатқан концерт залы ақыры бұзылатын болды. Оның орнына шығармашылық орталық бой көтереді. Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Atpress.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысына жұмыс сапары барысында Құрманғазы атындағы дарынды жастарға арналған мәдени-шығармашылық орталық салуды тапсырған болатын.

«Өңірдегі мәдениетті дамытуға ерекше назар аудару керек. Қалада мәдени орындардың көп болғаны жақсы. Атырауда талантты жастарға арналған мәдени-шығармашылық орталық салуды тапсырамын. Мен оны қазақ музыкалық өнерінің алыбы – Құрманғазының құрметіне атауды ұсынамын», — деген еді Тоқаев.

Ол өңір билігі осындай жаңа жобаларды жүзеге асыруы тиіс екенін атап өтті.

«Атырау таза, заманауи, әр тұрғынға ыңғайлы қала болуы керек. Қаладағы кейбір нысандардың құрылысы көптеген жылдан бері тоқтап тұр. Мысалы, 10 жыл бұрын салынған концерт залы әлі тапсырылған жоқ. Тіпті оның ғимараты да құлдырады. Үкімет әкімдікпен бірге осындай нысандарды салу мәселесін біржола шешуі тиіс. Қажет болса, инвесторларды тартыңыз. Мұндай ғимараттардан адамдар пайда көруі керек», — деді Президент.

Облыс әкімі Жасұлан Бисембиевтің айтуынша, мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін қалада ашық ғимарат салынады.

«Концерт залы толығымен бұзылып, орнына жаңа шығармашылық орталық салынады. Қазір құрылысшылар мен салаға жауаптылар тиісті жұмыстарды атқарып жатыр. Жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін қалада ашық ғимарат салынбақ», — деді облыс әкімінің орынбасары.

Айта кетейік, концерт залдың іргетасы 2011 жылы Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев кезінде қаланды. Оның құрылысына бюджеттен 3 млрд теңге бөлінді. Жұмыс тәулік бойы, белгіленген мерзімнен екі есе бұрын жүргізілді. Алайда 2012 жылы «Снабоилстрой» ЖШС иесіне қатысты қылмыстық іс қозғалып, құрылысы тоқтатылды. 2014 жылы облыстық мәслихат құрылысты жалғастыру тиімсіз деген шешім қабылдады.

Другие новости

Back to top button