Нур-Султан

Астананың қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы ұсталды – Антикор

Антикор Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы Әлия Қожабаеваның ұсталғанын растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Сотқа дейінгі тергеу басталғанын растаймыз. Тергеу шаралары жалғасуда. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат таратуға жатпайды», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қожабаева басқарманы 2020 жылдың ақпанынан бері басқарып келеді.

Другие новости

Back to top button