Нур-Султан

Астаналықтар жаппай жарықсыз қалды

Астанада электр қуаты жаппай сөндірілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Елорда тұрғындары түн ортасында күтпеген жерден жарықсыз қалды. Кейбір көпқабатты үйлерде сумен жабдықтау да тоқтатылды.

«Астана-АЭК» хабарламасында 3 қыркүйекте сағат 23:52-де ПНФ қосалқы станциясының қуатын қамтамасыз ететін кернеуі 110 кВ әуе желісінің сол жақ тізбегі апаттық түрде ажыратылғаны айтылған.

Осы оқиғаға байланысты келесі аудандарға электр энергиясын жеткізу шектелді:

Ақбұлақ Шағынауданы;
Абылай хан даңғылы;
Жұмабаев Даңғылы;
Оңтүстік-Шығыс.

Сағат 00:19-да ПНФ қосалқы станциясы оң жақ тізбекті пайдаланып қалпына келтірілді және шектеулер толығымен алып тасталды. Қазіргі уақытта 220/110 кВ әуе желісі қызметінің бригадасы оқиға орнында әуе желісін тексеріп жатыр.

Другие новости

Back to top button