Нур-Султан

Астанада соңғы 3 тәулікте бір жарым айдың нормасынан аса қар жауды

16-17 сәуірге қараған түні Елордадан 23 мың текше метрден астам қар шығарылды

Қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Астана әкімдігіне сілтеме жасап.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, Астанадағы бір айда жауатын қардың нормасы 22 мм, алайда тек соңғы үш күнде 37,6 мм қар жауған.

Барлық коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды. Қар тазалау жұмыстарында күн сайын 2,2 мыңнан астам жол жұмысшысы, мыңнан астам арнайы техника жұмыс істейді.

«16-17 сәуірге қараған түні елордадан 23 мың текше метрден астам қар немесе 1 671 жүк көлігі шығарылды. Қыс мезгілінің басынан бастап бүгінгі күнге дейін полигондарға 4 миллион текше метрге жуық қар шығарылды, бұл 318 мыңнан астам рейс. Ауа-райының нашарлауына байланысты қалада көлік қозғалысының қарқындылығы төмендеді. Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушылардан өте мұқият болуды, қауіпсіз қашықтықты сақтауды сұраймыз», — делінген хабарламада.

Другие новости

Back to top button