Нур-Султан

Астанада мешіт қызметкері қомақты қаржы ұрлаған

Елордалық мешіттің жүргізушісі қомақты ақша ұрлығына қатысы бар екені анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, мешіт ауласында орналасқан мейрамхана басшысы полицияға өтініш білдіріп, сейфтен көп ақша ұрланғанын хабарлады.

Тергеу барысында мешіт қызметкерінің ұрлыққа қатысы бар екені анықталды. Жүргізуші болып жұмыс істеген 35 жастағы ер адам сейфтен 3,5 миллион теңгеден астам ақша ұрлап кеткен. Жұмыс уақытында ол басшының кеңсесіне кіріп, үстелден сейфтің кілттің жатқанын көріп оны ашып, қолма-қол ақша ұрлады.

Қазіргі уақытта осы дерек бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр, ер адам ұрланған ақшаны өтеді.

Другие новости

Back to top button