Нур-Султан

Астанада жаңажылдық отшашуды қай жерден тамашалауға болады

Астанада жаңа жыл мерекесіне орай кез келген жастағы қонақтар мен қала тұрғындары үшін көптеген іс-шара ұйымдастырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

 

29 желтоқсан күні түстен кейін «Жастар» театрында «Золушка» ертегісі сахналанатын жаңажылдық ертеңгілік ұйымдастырылады.

28-30 желтоқсан күндері Қуыршақтар театры «Жаңа жыл» қуыршақ шоуын ұсынады.

29 желтоқсан,сағат 11:00 және 15:00-де мемлекеттік академиялық филармонияда «Қояндар» атты жаңажылдық шоу-спектакль өтеді.
29 желтоқсан,сағат 10:00, 12:30 және 15:00-де, сондай-ақ 30 желтоқсанда сағат 12:30-да «Жастар» сарайы «Қоянды кім ұрлап кетті?» атты жаңажылдық ертеңгіліктерін, сол сияқты оқушыларға арналған дискотека ұйымдастырады.

29 желтоқсан, сағат 11:00-де Сәкен Сейфуллин мұражайы №80 мектеп оқушыларымен кездесу өткізеді.

29 желтоқсан, сағат 19:00-де «QAZAQSTAN» Орталық концерт залында Neprosto orchestra концертін тамашалауға болады. Дәл осы уақытта «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры Балнұр Қыдырбектің «Қалқаман-Мамыр» опера-балет премьерасына шақырады.

29, 30 және 31 желтоқсан күндері сағат 19:00-де «Астана Балет» театрында Петр Чайковскийдің «Щелкунчик» қойылымы көрсетіледі.
31 желтоқсанда сағат 11:00 және 13:00-де Музыкалық жас көрермен театрының сахнасында Уфимцевтің «Щелкунчик» ертегісінің премьерасы өтеді.

31 желтоқсан, сағат 12:00-ден 16:00-ге дейін «Жаңа жыл – жаңа жол» концерті елорданың барлық ауданының елді мекендерінде, нақтырақ айтқанда Кирпичный, Өндіріс, Көктал, Үркер, Интернациональный елді мекендерінде ұйымдастырылады.

31 желтоқсан, сағат 22:00 — 3:00 аралығында қаланың орталық алаңында, «ЭКСПО» көрме орталығының жанындағы алаңда, «Қазақ елі» монументінің жанында кешкі мерекелік концерт өтеді.

31 желтоқсан, сағат 00:00-де мерекелік отшашуды тамашалауға болады. Әкімдік мәліметінше, ол демеушілер қаражаты есебінен ұйымдастырылады. Екі жерден атылатын фейерверкті тамашалауға болатын орындар: Есіл өзенінің жағасындағы Кенесары хан ескерткіші маңы, Ботаникалық бақ, Қабанбай батыр мен Бұқар Жырау даңғылдарының қиылысы аумағы. Салют биіктігі: төменгі 70 метр, орташа 120 метр, жоғарғысы 180-210 метр. Барлығы 3,5 мың оқ атылады.

 

Другие новости

Back to top button