Нур-Султан
Астанада ақша айырбастау пунктінің маңындағы тонау әрекеті видеоға түсіп қалды
![](https://matritca.kz/wp-content/uploads/2022/12/284a0986-cb36-456e-bbc9-f1d1ba9843c9.jpeg)
Астанада ақша айырбастау пунктінің маңында белгісіз біреулер ер адамды тонамақшы болған. Болған жайт видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полицияға елорданың 23 жастағы тұрғыны күндізгі уақытта белгісіз адамдар өзін тонап, 5 мың доллар көлеміндегі ақшасын ұрламақ болғандығына арызданған.
Аталған факті бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында елордалық полицейлер «Daewoo Lacetti» маркалы автомашинасын анықтады. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы аумағында 54 және 25 жастағы күдіктілер ұсталды. Автокөлікті тексеру барысында 8 патроны бар газды тапанша, тапанша түріндегі оттық және медициналық қара маска тәркіленді.Астана қаласы ПД баспасөз қызметі
Қазіргі уақытта ҚК-нің 191-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.