Нур-Султан
Астана спортты дамыту дирекциясында басшылық қызметтегілер 40 млн теңге жымқырды
Қаржылық мониторинг агенттігі Астана қаласы «Олимпиадалық емес спорт түрлерін дамыту дирекциясы» ҚММ-да бюджет қаражатын жүйелі түрде ұрлау фактісін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
2021-2022 жылдары ҚММ лауазымды тұлғалары оқу-жаттығу жиындарын өткізуге бөлінген бюджеттік қаражатты жымқырған.
«Іс жүзінде жиындар өткізілмеген, жаттықтырушылар спортшылардың жүріп-тұруы және тамақтануы туралы жалған есептер тапсырған. Заңсыз әрекеттен мемлекетке келтірілген залал сомасы 40 млн теңгеден асады», — деп хабарлады агенттік.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды.
ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілмейді.