Нур-Султан

«Арқасы жанып жатты»: Астанада газ қосылмаған жатақханада болған жарылыстың себебі әлі анықталмаған

Елорда желтоқсан айында жатақханада жарылыс болып, төр адам жарақат алған. Оның ішінде екі бала да бар. Бір адамның жағдайы әлі ауыр қалде. Жәбірленушілер өздеріне кімнің  өтемақы төлейтінін, құқық қорғау қызметкерлері тергеуді неге кешіктіріп отырғанын білмей әлек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

 

 

Өрт бөлменің үстіңгі бөлігіне жайылып, дәлізге жеткен. Салдарынан екі ересек адам мен екі бала денелерінің 45 пайызына дейін әртүрлі күйік алған.

Жарылыстан қызы мен туыстары зардап шеккен Жәмиля Мираметова бәрінің көз алдында бір секундта болғанын айтады. Қатты жарылыс, содан кейін өрт шыққан. Бұл кезде бөлмеде күйеуінің ағалары мен екі жасар қызы болған.

«Жарылыс кезінде бөлме мен дәліздің арасындағы қабырға құлады. Бірінші естігенім қызымның айқайы болды. Сол кезде гипсокартон бөліктері кедергі жасап мен оған жете алмадым. Бірақ тесіктерден оның жүгіріп, айқайлап жатқанын көрдім. Ал бір бұрышта күйеуімнің ағасы үстіне жамылып отырған көрпесі отқа оранып, соны сөндіруге тырысып жатты”,-деді Жәмиля.

Өрт Жәмиляның 15 жасар жиенін де шарпыған. Ол дәлізбен жүріп келе жатқанында сол бөлмедегі жарылыс оның дәл артында болған. Жарақат алған жиені бір айдан бері жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр. Ал қызы жақында ғана ауруханадан шықты. Сәбидің бетіне тері трансплантаты жасалған. Бір қызығы жарылыс болатындай бұл жатақхана газға қосылмаған. Ал мамандар жалпы көшедегі құбырда ақаулар бар екенін анықтады.

“Бұл оқиғаның себебі үйдің жанында орналасқан жерасты газ құбырынан табиғи газдың ағуы”, деді қалалық Төтенше жағдайлар министрлігінің анықтау бөлімінің бастығы Елдар Тұржанов.

Куәгерлер өртенген жерден шыққан бір адамның арқасы сол кезде де жанып жатқанын, кейін тез арада су әкеліп сөндіріп үлгергендерін айтады. Сөздерінше, оның жанында қолында кішкентай бүлдіршіні бар әйел болған. Оның да шаштарынан түтін көрінген.

Полиция 20 желтоқсанда өрттің нақты себебін анықтау үшін сараптама жұмыстары басталғанын жеткізді. Ол бір айға созылмақ. Ал тәртіп сақшылары бұл жағдайға кінәлілерді іздеуде. Абайсызда бөтеннің мүлкіне зиян келтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалмақ. Бұл үшін кінәлі алты жүз мың теңгеге дейін айыппұл төлеуі немесе басқа да жаза түрлеріне ілігуі мүмкін екен.

Полицейлердің сөзінше, жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығынды алу үшін олардың өздері азаматтық сотқа жүгінуі керек екен. Дегенмен бұған отбасында адвокат жалдайтындай қаражат жоқ. Олар тек тергеудің оң нәтижесінен үміттенуде.

Другие новости

Back to top button