Госорганы

Араққа тәуелді адамды коньякпен емдеу ақылға қонымсыз – Зайытов

Мәжілістің комитет отырысында AMANAT фракциясының мүшесі, депутат Ринат Зайытов Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға сұрақ қойды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. 

Ол ішімдікке әуес адамдарды емдеу тәсілін сынға алды.

«Араққа тәуелді адамды коньякпен емдеуге бола ма?», — деп сұрады Ринат Зайытов ДСМ басшысынан.

Ақмарал Әлназарова тәуелді науқас ретінде ертең басқа есірткіні, басқа қылмысқа барудың алдын алу үшін осындай әдіс қолданылатынын жеткізді. Министр мәселе метадон жайлы екенін айтты.

«Халықаралық тәжірибе негізінде енгізілген. Бұл жерде солай қарау керек шығар», — деді министр.

Зайытов осы тақырыпта дөңгелек үстел өткізуді ұсынды.

«Бұл мәселе бойынша дөңгелек үстел өткізуді сұраймын. Бізге де шағымданып жатқан мамандар бар. Сіздің ведомстводағы Дудник мырзаға (Вячеслав Дудник – денсаулық сақтау вице-министрі – авт.) бірдеңе дәлелдеу мүмкін деп ойламаймын. Ол кісі өз ұстанымында тұрады. Сондықтан осыны қолға алсақ. Нашаға тәуелді адамды екінші түрімен емдейміз деген ақылға қонбайтын дүние», — деді депутат.

Другие новости

Back to top button