Алматинская область

Алты адамның өмірін жалмаған жол апатына қатысты тың ақпарат шықты

Алматы облысында 6 адамның өмірін жалмаған жол апатына қатысты тың ақпарат шықты.

Өңірлік полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қаза тапқандар жақын туыс адамдар болған. Ал жарақат алған 4 адамның ішінде қырқынан жаңа шыққан сәби бар.
Еске сала кетейік, Еңбекшіқазақ ауданында Mercedes және Subaru автокөліктері соқтығысып, 6 адам көз жұмды. Mercedes көлігінің салонында 10 адам болған. Апат салдарынан қайтыс болған 6 адамның 4-уі кәмелетке толмаған бала. Ал зардап шеккен 4 адам ауруханада жатыр.

28 жастағы Mercedes жүргізушісі Алматы — Көкпек — Көктал тасжолының 69 шақырымында қарсы бағытқа шығып кетіп, Subaru көлігімен соқтығысқан. Одан кейін жол жиегіндегі ағашқа соғылған. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері барлық мән-жайды анықтап жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Другие новости

Back to top button