Алматы

Алматылық психологтар ерекше флешмоб өткізді

Бүгін Алматы қаласының психикалық денсаулық орталығының қызметкерлері ем іздеп келген тұрғындар мен қонақтарға Алматының алқызыл алмасын үлестіріп, 20 шақты маман би билеп, флешмоб ұйымдастырды. Дүниежүзілік денсаулық күні алматылықтарға ем-дом, психологиялық көмекпен бірге керемет көңіл-күй сыйлаған психологтар, психиатрлар тұрғындарды салауатты өмір салтын ұстауға шақырады.

-Қазір мектеп, институт, университеттердің маңындағы дүкендерге барыңызшы. Жасөпірімдер энергетикалық сусын ішіп, бутерброд, сэндвич жейді. Қолында смартфон. Үйде, түзде телефонға телмірген бала да, қария да неше түрлі негативті ақпараттардың шырмауында. Мұның зиян екенін айтпаса да бәріміз бір кісідей білеміз. Дене шынықтырып, жеміс, көкіністі тұтыну, оның пайдасын айту біздің парызымыз. Әрі күлімдеп жүріңіз. Біз флешмоб арқылы денсаулықтың бірінші байлық екенін және оны нығайту әр адамның қолында екенін айтқымыз келді,- дейді орталық директоры Сапар Рахменшеев .

Бүгін Дүниежүзілік денсаулық күні әлемнің бірнеше елінде денсаулықты нығайтуды көздеген түрлі шаралар өтіп жатыр. Ашық есік күні, челлендж, флешмоб , спорттық жарыстар ұйымдастыру жоспарланған. Бүгін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының құрылғанына 75 жыл . Халықаралық ұйым ғасырға жуық уақыт халық денсаулығын нығайту, медициналық көмектің сапасын жақсарту және әрбір адамның жер шарының кез-келген жерінде ем-дом алуға септігін тигізген талай игі шараларды жүзеге асырып келеді.
Алматылық психологтар таңды күліп қарсы алып, дене шынықтыруды әдетке айналдыруға шақырады

Другие новости

Back to top button