Алматы

Алматыда мектеп оқушылары алдағы екі күн қашықтан оқиды

Алматы қаласында мектеп оқушылары мен колледждің 1-2-курс студенттері екі күн қашықтан оқитын болды, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі.

 

Бұл туралы қалалық Білім басқармасы мәлім етті.

«Алматы қаласының Білім басқармасы ауа райының қолайсыздығына байланысты 2023 жылғы 12-13 қаңтарда 0,1-11 (12) сынып оқушылары мен колледждердің I, II курс студенттері қашықтан оқыту талаптары мен ережелеріне сәйкес қашықтан оқытуға көшетінін хабарлайды», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, Алматыда кешеден бері толассыз қар жауды. Қалада қардың қалыңдығы 15 см, таулы жерлерде 20-25 см-ге жетті.

Другие новости

Back to top button