Алматы
Алматыда бас шыршаны жағу рәсімі 20 желтоқсанда өтеді
Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады

«Қаланың бас шыршасын жағудың салтанатты рәсімі 20 желтоқсанда сағат 19:00-де Абай алаңында өтеді. Шырша шамдары ресми жағылған соң қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылады», — деп көрсетті Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.