Образование

Алматы қалалық білім басқармасының шенеунігі ұсталды

Лауазымды тұлға сот санкциясымен қамауға алынды

Алматы қалалық білім басқармасы мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

«Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен Білім басқармасы мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысын ұстады. Ол жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға, мегаполистің білім беру мекемелері оқушыларына арналған лагерь ұйымдастыру қызметін көрсетушіден 12 млн теңгеден астам сомадан 10 пайыз пара алуға әрекет жасады деген күдікке ілінді. Пара жеткізуші компанияны конкурстың жеңімпазы деп тануға арналған», — деді ресми өкілі.

Оның атап өтуінше, компанияның балалар лагерін толыққанды ұйымдастыру үшін қажетті материалдық және еңбек ресурстары болмаған. Бірақ конкурстың жеңімпазы болып танылған.

«Лауазымды адам сот санкциясымен қамауға алынды. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», — деді Арман Тілеукенов.

Другие новости

Back to top button