Алматинская областьВыбор редакции

Алматы облысында қарт кісі ер адамды балталап тастамақ болды

Алматы облысындағы Талғар қаласында балтамен қаруланған ер адам жәбірленушіні ұрып-соқты. Таяқ жеген азаматтың денсаулығына қандай зақым келгені әзірге белгісіз, деп хабарлайды Экспресс К.

Instagram әлеуметтік желісінде пайда болған видео көптің жағасын ұстатты. Онда қарт кісі ер адамға балта сілтеп жатыр. Оның қатты ашуланғаны сонша, жерде құлап жатқан азаматтың қолын шауып тастамақ болады.

Қарияның мұндай қадамға неліктен барғаны әзірге белгісіз. Экспресс К осы мәселе бойынша облыстық ПД хабарласты. Ондағылар оқиғаның мән-жайы туралы сәл кейінірек хабардар ететіндерін айтты

Другие новости

Back to top button