Алматинская область
Алматы облысында колония басшысының орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды
Алматы облысында колония басшысының орынбасары 13 қараша күні пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл жағдайды облыстық прокуратура растады.
«2024 жылғы 13 қарашада прокуратураның сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы Алматы қаласы бойынша ҰҚК департаментімен бірлесіп, пара алды деген күдік бойынша Алматы облысы бойынша ҚАЖД №14 мекемесі бастығының орынбасары ұсталды.
Қылмыстық іс шеңберінде болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіледі», — делінген Алматы облыстық прокуратурасы таратқан хабарламада.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.