Алматинская областьВыбор редакции

Алматы облысында көлік қағып кеткен бес оқушының біреуі көз жұмды

Lexus жүргізушісі жаяу жүргіншілерге арналмаған жерден жолды кесіп өтпек болған 5 баланы қағып кеткен болатын

Алматы облысында «Лексус» маркалы көлік қағып кеткен оқушылардың біреуі көз жұмды. Бұл туралы Azattyq Ruhy«Адырна» ұлттық порталына сілтеем жасап хабарлайды

«Өкінішке қарай, дәрігерлердің көрсеткен медициналық көмегіне қарамастан 10 жасар ұл бала алған жарақатының салдарынан көз жұмды», – делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Оқушылардың үшеуі травматология бөлімінде ем қабылдап жатыр, жағдайы орташа ауыр. Төртінші бала ауыр жарақат алмағандықтан ауруханаға жатқызылмаған.

Көлік жүргізушісі ұсталып, қамауға алынды. Тиісті сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Айта кетейік, 25 қазан күні балалар жолды жаяу жүргіншілерге арналмаған жерден кесіп өтпек болған. Lexus көлігі жолдан өтіп бара жатқан 5 баланы қағып кеткен еді.

Другие новости

Back to top button