Алматинская область

Алматы облысында 8 жастағы қызды көлік қағып, оқушы аяғынан айырылды

Көлік тізгігінде 25 жастағы жігіт болған

Алматы облысының Абай ауылында 16 шілде күні Lexus көлігі жол ережесін өрескел бұзып, 53 жастағы әйелді және оның жанындағы 8 жастағы қызын қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Пятый регион сайтына сілтеме жасап.

Апат салдарынан зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Өкінішке қарай, дәрігерлер баланың аяғын кесу туралы шешім қабылдаған.

Жәбірленушілердің туыстарының айтуынша, 25 жастағы жүргізушіден жүргізуші куәлігі алынып, босатылды.

«Әрі қарайғы әрекеттер сот процесінде болады», — деп бөлісті қыздың өкіл әкесі.

Другие новости

Back to top button