Алматинская область

«Алматы облысында 20 жастағы бойжеткенді көршілері ұрлаған»: құқық қорғаушы әділдік іздейді

Олар жәбірленушіні белгісіз ішімдіктер ішкізіп, күшпен ұстаған

Алматы облысында 20 жастағы қызды ауладан кілем қағып жүрген жерінен ұрлап кеткен. Бұл оқиға жайында құқық қорғаушы Дина Таңсәрі жазды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Біз қыздың әжесі мен тәтесін тыңдаған кезде, мұндай жағдайдың болатынына сене алмадық. Бірақ тағы да деректер соны дәлелдеп отыр. 2 күн бойы ол қызды басқа біреудің үйінде күштеп ұстаған. Бейтаныс адамдар. Алдын ала болжам бойынша бұл көршілер болуы мүмкін. Телефонын алып қойған. Олар белгісіз сусындарды іштірткен, содан кейін ол бірнеше рет есінен танып қалған. Олар сондай-ақ бір нәрсені иіскеткен»,-деп жазды Дина Таңсәрі.

Ол атағандай, бұл оқиға жайлы қызды екі айлығынан бастап өөсірген қыздың әжесі айтқан.

«Оның немересі 14 шілдеде туған анасымен бірге Жамбыл ауданының Қызыласкер ауылына барады. 16 шілде әжесіне оралуы керек еді.17 шілдеде біз жиенімізді алуға келдік, бірақ оны үйден шығара алмадық. Кейін біз полицияны шақырдық, бірақ олар бізге оны үйден шығаруға көмектеспеді», — деген қыздың әжесі.

Олар бойжеткенді күшпен алып шыққан. Дау кезінде қыздың тәтесінің басына зақым келген. Мидың шайқалғаны туралы анықтамалық бар. Қыздың туыстары қай барарын білмей отыр. Себебі Алматы облысы Жамбыл ауданының  полиция капитаны Әнуар Оралханов пен тергеуші Бекболатұлы Рыскелді туыстарына жалған ақпарат үшін қылмыстық іс ашамыз деп қорқытып отыр. (ҚР ҚК 419-бабы).Жәбірленуші мен оның туыстарына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған.

Другие новости

Back to top button