Алматинская область

Алматы маңында әйел мен оның кішкентай қызын көлік қағып өлтірді

Алматы облысында анасы мен қызын көлік қағып мерт қылды, деп хабарлайды Polisia.kz-.

Алматы облысының Полиция департаменті 20 қазанда сағат 9:50 шамасында Mercedes автокөлігінің 20 жастағы жүргізушісі екі жаяу жүргіншіні қағып кеткені жайында хабарлады.

«Жүргізуші Алматы-Алатау автожолы бойынша батыс бағытта 4 км жүріп, Тұздыбастау ауылының маңында өзге көлікті басып озбақ болған сәтте рөлді басқара алмай, жол жиегінде тұрған 28 жастағы әйел мен оның қызын қағып кеткен. Жол апаты салдарынан Алматы қаласының 28 жастағы тұрғыны мен оның қызы оқиға орнында қайтыс болды», — делінген хабарламада.

Жүргізушіге қатысты ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта жүргізуші ұсталып, Талғар ауданы ПБ УҰИ-ға қамауға алынды.

Қылмыстық істі тергеу барысы мен нәтижелері Полиция департаменті басшылығының бақылауына алынды.

Другие новости

Back to top button