Госорганы

Әлихан Смайылов Үлкен Алматы айналма жолының құрылысымен танысады

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов өңірдегі жағдаймен танысу және жергілікті жердегі өзекті мәселелерді талқылау үшін жұмыс сапарымен Алматы облысына барады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Атап айтқанда, Үкімет басшысы бірқатар аграрлық және өнеркәсіптік кәсіпорында болып, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездесу өткізеді.

 

Сондай-ақ Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының құрылысы мен қалалық ЖЭО жұмысын тексереді.

 

Бұдан басқа, Әлихан Смайыловқа облыс орталығын одан әрі дамыту, «G4 City» жобасын іске асыру, сондай-ақ жаңа тұрғын үй салу жоспарлары ұсынылады.

 

Другие новости

Back to top button