Социум
Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, кун суытады
Республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады
«Қазгидромет» РМК 6-8 қыркүйек аралығындағы ауа райына болжам жасады.
Синоптиктер болжамынша, алдағы үш күнде еліміздің көп бөлігінде жаңбыр жауып, кун суытады.
«Атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады, 6 қыркүйекте Маңғыстау облысында, 7 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында қатты жаңбыр жауады, найзғай ойнайды, жел күшейіп, бұршақ болжанады», — делінген хабарламада.
Сондай-ақ елдің солтүстік жартысында ауа температурасы түнде 5-13-қа дейін, күндіз 15-23-қа дейін, ал оңтүстік жартысында түнде 10-23-қа дейін, күндіз 20-35 дейін төмендейды.