Социум

Алдағы демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады

Республиканың солтүстік өңірлерінде күн жылынады

Cиноптиктер алдағы демалыс күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстанның басым бөлігі аз қозғалатын антициклон жотасында болғандықтан, солтүстік өңірлерде күн жылынады.

«Елдің солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында ауа райы жағдайының қалыптасуына атмосфералық фронт араласады, онымен күн күркіреп, жел күшейеді. Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында түнгі уақытта топырақ бетінде 2° үсік және тұман сақталады», — деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Ауа температурасының негізгі аясы: күндіз батыста +30+35°С, солтүстік-батыста +23+33°С, республиканың солтүстігінде ауа температурасы +17+25-тен +23+30°С-қа дейін, орталықта +15+22-ден +20+31°С-қа дейін, шығысында +13+21-ден +20 +28°С-қа дейін көтеріледі, елдің оңтүстігінде ауа температурасының негізгі аясы +27+32°С, оңтүстік-шығысында +20+28°С.

 

 

Другие новости

Back to top button