Культура

«Әкем 85-те, анам 81-де»: Отандық әнші Бүркіт көпшілікке әке-шешесін көрсетті (фото, видео)

Өнер әлемінде көпшілікке Бүркіт лақап атымен танылған Айбек Жансейітов жеке концертінде көпшілікке ата-анасын көрсетті. Ол ән кешіне келген тыңдармандарына әке-шешесінің 80-нен асқанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әншінің айтуынша, әкесі мен анасы ұлының концертін көруге арнайы Тараздан келген.

«Әкем 85- те, анам-81-де. Бұл кісілер арнайы Тараздан келіп отыр. Әке, қалыңыз қалай? Нағыз жұлдыз осы кісі. Үндінің актерінен аумайды», — деді сахнада тұрған әнші Instagram парақшасында.

Ал әншінің ата-анасы концертке жиналған халыққа орнынан тұрып, бас иіп, сәлем берген.

Видеодан Бүркіт пен Аишаның ән кешіне жиналған көпшілік әншінің әкесі мен анасы ду қол шапалақ ұрып, құрмет көрсеткенін көруге болады.

Другие новости

Back to top button