Культура

Айтысқа көрермен боп келген Жүрсін Ерман көз жасына ерік берді

Танымал айтыскер ақын Жүрсін Ерман кезекті ақындар айтысында бой көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Әлеуметтік желіде Жүрсін Ерманның ақындар айтысында сөз сөйлеп көзіне жас алған видеосы тарады. Бейнежазбадан жиынның Cолтүстік Қазақстан облысында өткен халықаралық ақындар айтысы екенін байқауға болады. Өңір басшысы ақынға сөз беріп, шапан жауып, барынша құрмет көрсетті.

“Ғажайып ақынмын ғой. Аузынан алтын төгілген. Не шара? Бұйырған несібесі осындай болды. Қысқа болды ғұмыр”, – дейді көзіне жас алған Жүрсін Ерман.

Айта кетейік, айтыскер ақын сырқатына байланысты Еуропада ем алған еді. Кейін желіде Жүрсін Ерманның жүдеп қалған суреттері тарап кетті. Жақында ақын Мұхтар Ниязов та ұстазының қазіргі жағдайын көріп, көңілі босағанын жазған болатын.

Другие новости

Back to top button