Образование

Аймағамбетов бала сабағына араласпайтын ата-аналарға кеңес берді

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов бала сабағына кіріспейтін ата-аналарға кеңес берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бізде әртүрлі зерттеулер бар. Оның ішінде TIMSS зерттеуі бар ол балалардың  үлгерімін анықтайды. Сондай-ақ PISA атты халықаралық зерттеу бар. 2019 TIMSS зерттеуімен 4 сынып оқушыларының үлгерімін қарадық. Сонда олардың үлгеріміне қандай факторлар әсер етті деген сұраққа жауап іздедік, — деді Асхат Аймағамбетов.

Министрдің сөзінше, зерттеудің арқасында нақты факторларды анықталған.

Зерттеу нәтижесінде орташа есеппен алғанда үйдегі ата-аналары балаларына көмектесіп, балаларының оқуына араласатын отбасында бағалары әлдеқайда жоғары болды. Ал бала сабағына кіріспейтін, оған немқұрайлы қарайтын ата-аналардың балаларының орташа бағасы  20-25 балл. Бұл нақты көрсеткіш, -деді Асхат Аймағамбетов «Саналы ұрпақ – ұлт болашағы» атты Республикалық Тамыз конференциясында.

Другие новости

Back to top button