Социум

«Ағатайым шығып жатыр». Желіде Бақытбек Есентаевтың түрмеден шыққан видеосы тарады

Бақытбек Есентаевтың бостандыққа шыққанын қарындасы Нағима Есентаева сүйіншілеп, желіде жария етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бақытбек Есентаевты колония қақпасы алдында туған-туыстары мен достарының қарсы алған сәтін түсірген видеоны Нағима Есентаева Instagram-дағы парақшасына жүктеп, қуанышты хабарын сүйіншілеп жеткізді.

2016 жылдың 10 маусымында танымал продюсер, актриса, тележүргізуші Баян Есентаева пышақ жарақатымен ауруханаға түсті. Қылмысқа күдікті ретінде Бақытбек Есентаев қамауға алынды.

2016 жылы 3 қарашада сот Баян Мақсатқызының бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаевты тоғыз жылға бас бостандығынан айырды.

Бас бостандығынан айырудан басқа жаза тағайындау туралы Баянның өтініші сотта ескерілмеді.

Жазасын өтеп жатқан Есентаев сотқа шартты түрде мерзімінен бұрын өзін босатуды сұрап, өтініш берді. Қапшағай қалалық соты өтінішті қарап, оны қанағаттандыру туралы қаулы шығарды.

Ол соңғы 6 жылын Алматы облысы Заречный ауылындағы қатаң режимдегі ерлер колониясында өткізді. Мұнда — ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандар жазасын өтейді.

 

Другие новости

Back to top button