Абайская область

Абай облысында 12 жыл бойы құлдықта жүрген мүгедек адам құтқарылды

26 жастағы ер адам 2010 жылдың қараша айында жоғалып кеткен

Абай облысының полицейлері құлдықта жүрген мүгедек адамды құтқарды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Абай облысының полицейлері жедел-профилактикалық іс-шараларды жүргізу барысында адам еңбегін қанау фактісін анықтады. Өзіне бекітілген аумақты тексеру барысында тұрғындарымен үнемі байланыста жүретін Жарма ауданы Шар қаласы ПБ полиция қызметкеріне аумағындағы шаруа қожалықтарының бірінің басшысы қоңырау шалып, жаңа жұмысшы жалдағанын хабарлаған.

Шаруа қожалығына келген полиция қызметкері жұмысқа жаңадан кіріскен жалдамалының құжаттарының жоқ екенін анықтаған, сондай-ақ полицейге өзінің сауалнамалық деректерін де айта алмаған.

«Бір шикіліктің барын сезген тәртіп сақшысының бойын күдік ұялаған соң, иесі жәбірленушінің қасынан кеткен кезде оның тегін біліп алған. Одан әрі полиция қызметкері жәбірленушінің әпкесін анықтайды. Белгілі болғандай, ол бауырымен 2010 жылдан бері байланыс үзген. Ер адам Жарма ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінен табылды. Ол сонда жұмыс істеген.

Тергеу барысында 2010 жылдың қараша айынан бастап 26 жастағы ер адамның 11 шаруа қожалығында құлдықта болғаны анықталды», – деді Абай облысы ПД бастығының орынбасары Нариман Күлдіков.

Бұған дейін бірнеше рет сотталған 54 жастағы семейлік тұрғын Тарбағатай ауданының 26 жастағы тұрғынымен Тұғыл ауылына балық аулауға барғанда танысқаны мәлім болды. Физикалық тұрғыдан жетілген жас жігіттің психикалық ауытқуын байқаған ол жігітті шаруашылықта жұмыс күші ретінде пайдалану туралы ойға келген.

«Жәбірленушіні 12 жылдан астам уақыт бойы Семей қаласы, Абай, Ұлан және Жарма аудандарындағы шаруа қожалықтарында жұмыс істеу үшін сатқан. 54 жастағы азамат шаруа қожалық иелеріне өзін жігіттің туысымын деп таныстырған. Олардан алдын ала жалақысын алып, қалтасына басып отырған. Жәбірленушінің жылдар бойы еңбегіне берілген ақы 2 млн теңгені құраған», – деді Нариман Күлдіков.

Сонымен қатар қаскөй мүгедектің ай сайынғы зейнетақы жинақтары мен әлеуметтік төлемдерін жымқырып отырған. Залалдың жалпы сомасы 4 млн теңгеден асады.

«Қазіргі уақытта жәбірленуші туыстарына табысталды, ал күдікті Жарма ауданының аудандық сотымен 128-бабының 2-бөлігі 2, 8, 11, 12-бөлектері (Адам саудасы) және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-тармағының 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша кінәлі деп танылды. Сот үкімімен қауіпсіздігі орташада колонияда 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», – деді орынбасары Нариман Күлдіков.

 

Другие новости

Back to top button