Костанайская область
Қостанай облысында зираттың қоршауын тонағандар ұсталды
Қостанай облысында моланың қоршауын тонағандар ұсталды. Оқиға Қостанай ауданына қарасты Октябрь ауылында болған.
Зиратқа көлікпен кіріп, металл бұйымдарды бұзып алып жатқандарды ауыл тұрғындары байқап полицияға хабарлапты, деп жазады qazaqstan.tv.
Дереу жеткен жедел топ өкілдері екі күдіктіні ұстады.
Олар 17 темір шарбақты қиратып, жүк көліктеріне тиеп қойыпты.
Осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.