Социум

Қазақстанның орталығында аяз болады

Синоптиктер 10-12 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды. Елге антициклон Скандинавия түбегінен енеді.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, антициклон күзгі салқын ауа райын алып келеді.

11-12 қыркүйекте атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуі әсерінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашын ықтималдығы сақталады: солтүстікте, шығыста, республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қатты жаңбыр жауады. Сонымен қатар бұршақ жауып, жел күшейді, — делінген хабарламада.

Болжам бойынша, 10-12 қыркүйекте түнде батыста, 10 қыркүйекте шығыста, 11-12 қыркүйекте солтүстік-батыста, 12 қыркүйекте солтүстікте, сонымен қатар орталықта аяз болады. Топырақ бетіндегі аяқ 1-3 градус болады деп болжанды.

Бұған дейін қазақстандық синоптиктер қыркүйекте ауа райы қандай болатынын айтқан еді.

 

Другие новости

Back to top button