Туркестанская область
Түркістан облысында колледжде оқитын қыз баланы өлтіріп кеткен: күдікті ұсталды

Түркістан облысының Төрткүл ауылында колледж студентінің денесі табылды. Күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақпаратты Түркістан облысының полиция департаменті растады.
«6 маусым күні сағат 07:05-те Түркістан облысы Ордабасы ауданы Төрткүл ауылында қыз баланың мәйіті табылды. Ол — колледждің бірінші курс студенті. Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс қозғалды», — деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі.
Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр.
Қылмыстық істі тергеу барысын полиция басшылығы қатаң бақылауына алған.